Kaspi bank ұсынады.

Блог - nurbolkarataev: Kaspi bank ұсынады.
Соңғы уақытта Kaspi bank өз клиенттері үшін көптеген қызметтер ұсынып келеді. Солардың бірі өзім қолданып жүрген Каспи кошелек.
Иә бұл электронды әмиян. Қолыңыздағы смартфонның платформасынан Kaspi.kz қосымшасын жүктеп аласыз. Кейін туған күн, ай, жыл, телефон нөміріңізді тіркесеңіз болғаны Kaspi.kz сіздің уысыңызға түседі. Әмиянның артықшылығы сол үйде отырып Комуналды қызметтерді, ұялы телефонға бірлікті, оқу ақысын, банктегі депозитіңізді де төлей аласыз. Оп-оңай әәә. Сіз төлеген әр қызметтер үшін Kaspi.kz 1% бонустарында беретінін қоса кетейін. Ал Әмияныңызды Kaspi Терминал арқылы процентсіз толтырасыз.

Айтпақшы бүгін Happy Kaspi, ой Kaspi Жұма дегенім. Бұл Kaspi Жұманың артықшылығы сол кез келген тауарыңызды (30.000 тауар) пайызсыз, алдын ала төлемсіз 24 айға бөліп төлеу арқылы өз бағасына сатып аласыз. Ал тауарды Kaspi.kz арқылы үйден шықпай алсаңызда болады. Ол үшін Kaspi.kz-ке кіріп Магазин бөліміне өтсеңіз болғаны.
Kaspi.kz
Мархабат сіздер үшін.
Әрі қарай

Әлемдегі ең биік 14 шыңды бағындырған тұңғыш қазақ

Блог - Erbol: Әлемдегі ең биік 14 шыңды бағындырған тұңғыш  қазақҚазіргі кезде «Kaspi Bank»-те «Kaspi қаһармандары» имидждік кампаниясы жүріп жатыр. Басты мақсат – өз күшімен жетістіктерге жеткен қарапайым қазақстандықтарды насихаттау. Бұған дейін әлемнің барлық шөлдерін бағындырған желаяқ Марат Жыланбаев, жеке балалар үйін ашып, 350 баланы тәрбиелеп, өсірген Тұяқ Есқожина басты кейіпкер болған. Жақында әйгілі альпинист Мақсұт Жұмаевтың қатысуымен жаңа кампания басталды. Қызық болғанда қазақстандықтардың көпшілігі оны қарапайым альпинист ретінде қабылдайды екен. Ақпарат, насихаттың аздығы. Kerekinfo оқырмандары үшін Мақсұт туралы ақпарат бере кеткенді жөн көрдік.

Мақсұт Жұмаев — 1977 жылдың 1 қаңтарында Батыс Қазақстанның Федеровка ауылында дүниеге келген.
Сырым батырдың ұрпағы. Батыс Қазақстан аграрлық университетін (ветеринар), «Қайнар» университетін (заңгер) бітірген. Альпинизмге кездейсоқ келген.

Сұхбаттан: 1 курсты біткен соң, Алматыға тәжірибеден өтуге келдім. Таныстарыммен жиі тауға шығып жүрдік. Алматыға келерде таныстарымнан сұрап алған жол сөмкені арқалап тауға шығу қолайсыздау болғандықтан, тауға арналған рюкзак сатып алмақ болдым. Ол кезде мұндай кәсіби жабдықты тек стадион маңындағы «Хантәңірі» деп аталатын арнайы фирмадан сатып алатын. Мен таңдаған сөмке 99 доллар тұрады екен. Ақшам жетпеді. Әлгі фирма қызметкерлері сөмкені алу үшін соларда бір апта жұмыс істеуге болатынын айтты. Сөйтіп, сөмкені иемдену үшін шетелдік туристердің жүктерін тасыдым. Ол кезде альпинистердің көбі осылай ақша табатын. Жұмыс барысында солармен танысып, ақыры альпинизмге келдім.

«KazTransCom» ААҚ оңтүстік филиалының заңгері, «Қағазы трейдинг» ЖШС әкімшілік бөлімінің маманы, «Тайлан» АҚ» ЖШС заңгері, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының дыбыс операторы болған. Қазір ҚР Қорғаныс министрлігі Орталық әскер спорт клубының спорт комитетінің қызметкері. Әскерлерді таудағы дайындыққа үйрету тобының жетекшісі. Әскери шені лейтенант.

Әлемде биіктігі 8 мың метрден асатын 14 тау бар, соның бәріне Мақсұт Жұмаевтың табаны тиген. «Дүниежүзіндегі ең қатерлі 14 шыңға шыққан 27 адам бар. Мен сол шыңдарға 12-ші болып шыққан жалғыз қазақпын», дейді өзі.

Айтуынша альпинизммен кәсіби түрде университет бітірген соң айналыса бастаған. Көп спорт түрлеріне қарағанда альпинизммен жастайыңнан айналысу керек деген қағида жоқ.

Ең бірінші шыққан шыңы — 1997 жылы Үлкен Алматы шыңы. Барлық альпинистің олимпиадалық алтын медалі – Эвереске шығу. Менде алғаш рет Іле Алатауына шыққан соң Эвересті бағындыруды армандадым, 2007 жылы мұны орындадым дейді.

Альпинизмге ең алғаш келгенде 6,7 мыңдық шыңдарды бағындырмастан, бірден 8 мыңдық биіктіктегі Шиша-Пангма шыңына шыққан (биіктігі – 8046 метр). 8 мың метр биіктікті бағындырған ең жас қазақстандық. Әрі 8 мыңдыққа шыққан ең жас альпинист саналады. Ол 8 мыңдық шыңға 23 жасында шыққан. Мұны әлі ешкім қаталамапты. Осы сапарынан соң, оны бірден Ұлттық құрамаға қабылданған. Сол кезде Қазақстанда «Қазақстан құрамасы – әлемнің ең биік шыңдарында» бағдарламасы болған. Бағдарламаның басты мақсатының бірі – Қазақстан имджін көтеру. Мұндай әлемнің бірде-бір елінде болмаған көрінеді. Қазақстан әлемде альпинистерден құрама команда жасақтаған бірінші ел. Бұл құрамада 50 альпинист болған екен. Оның 10-ы экспедиция барысында қаза тауыпты.

Аса биік болмаса да К2 шыңын 5 рет қатарынан бағындыра алмай, тек 6 рет барғанда шыға алдық дейді.
2003, 2005, 2007, 2009, 2010 жылдары бірде ауа-райы, бірде қалың қардың әсерінен мақсаттары орындалмаған. Ал, 2005 жылы таудағы лагерде шыңға өрмелейтін құралдарын ұрлап кетіп, шыға алмай қалыпты). Тау басында мұндай да қызықтар болып тұрады екен.

Шыңдарға қазақстандық альпинист Василий Пивцовпен бірге жұптасып шыққан.

Ең соңғы рет 2014 жылы Чогори шыңына (8611 м) шыққан. Сонымен альпинистік крьерасын аяқтаған.

«Альпинизм атақ та, даңқ та, байлық та бермейді. Тек оның берері жеңіскерлік сезімі. Тауға альпинистің керек-жарағынан бөлек, қасиетті Құранды, әкемнің фотосын, ойыншық арыстанды, Қазақстанның туын көтеріп шығамын. Ол ту менің бүкіл эспедицияма қатысқан. 8 мың метр биіктіктен асатын шыңға шығуға орта есеппен экпедицияға 2 ай кетеді. Ал тауға көтеріліп-түсуге бір аптадай уақыт жұмсаймыз. Қалған күндер дайындық жұмыстарына кетеді. Допинг сияқты қосымша қуат беретін заттардан альпинистер бойларын аулақ ұстайды. Спиртті медициналық көмек үшін аламыз» дейді ол.

Жары орыс ұлтының өкілі, ол да альпинист. Исатай есімді ұлы, Айлин деген қызы бар. Үшінші сәбиін күтіп отыр.

Мақсұт туралы 4 деректі фильм түсірілген. «Гималайский дуэт: Дхаулагири — Аннапурна», 2006, 18 мин, (Дворецкий/Жумаев/Пивцов). «Дотянуться до звезды», «Экспедиция „Клуба 7 вершин“ на К2», «Максут Жумаев. Рождённый быть горцем».

Әрі қарай

"Тайбурыл" қоры стипендия таратты

Блог - patick: Тайбурыл қоры стипендия таратты
Студенттер кейбір жағдайларда (мүмкін көп жағдайларда) түрлі ұйымдар мен тұлғалар ұйымдастыратын шәкіртақыларға сене бермейді. Олар алдын-ала кімге берілетіні белгіленіп қойылған, стипендия тағайындау жұмыстары әділ өтпейді деп ойлайды. Бірақ барлық жағдайда олай емес екеніне кеше көз жеткізген сияқтымыз.

«Тайбурыл» қоғамдық бірлестігінің бастамасымен іске асқан, «Kaspi bank» демеуші болған «Білімді қолдау» бағдарламасының нәтижесін жариялауға арналған шараға барған едік. Осы бағдарламаның аясында Алматыда оқып жатқан 100 студент ай сайын көктемгі семестр кезінде 30 мың теңгеден алып отыратын болды.

Сертификаттар ресми табыс етілді, «Kaspi bank» пен «Тайбурыл» басшылығы студенттерге өз ақылдарын айтты, келешектеріне сәттілік тіледі. Алайда бәрінен бұрын мені қызықтырғаны мына факт болды: Осы стипендиаттарға банк картасы тегін ашылады және еліміздегі кез-келген (!) банктің кез-келген банкоматынан шәкіртақыны түсіріп алу ешбір комиссиясыз жүргізіледі. Әрине, бұл кереметтей қолдау емес шығар, бірақ, бәрібір бұндай «бонус» болашақ мамандардың аға буынға деген сенімін арттыра түседі деп ойлаймын.

Биыл осы стипендияны алуға еліміз бойынша 1000-нан астам студент өтініш берген. Оның ішінен 252 шәкірт іріктеліп алынған екен.
Әрі қарай

Қаржылық сауаттылықты арттыру жобасын ұсынып, грант ұтып алыңыз!

Kaspi bank пен ХЭСА қоры «Қаржы мәдениеті» бағдарламасының аясында жалпы бюджеті 180 000 000 теңге болатын гранттар конкурсын жариялады.

Конкурстың басты мақсаты – қазақстандықтардың қаржылық сауаттылығын арттыратын жобаларды қолдау.

Конкурсқа жеке, заңды тұлғалар да қатыса алады. Жобалар қысқа мерзімді (үш айға дейін) және орташа мерзімді (алты айға дейін) аралықта ҚР аумағында жүзеге асырылуы керек.

Конкурсқа ұсынылатын жобалар Депозиттер және ақша қаражатын сақтау; Несиелер және несие тарихы; Отбасы бюджетін жоспарлау және басқару;Қаржы қызметін тұтынушылардың құқықтары; Банктік шарттар, банктермен өзара қарым-қатынас орнату және басқа да тақырыптар аясында қазақстандықтардың қаржылық білімінің артуына, ақпарат алуына әсер ете алуы тиіс.

Қазақ тіліндегі және өңірлерде жүзеге асатын жобалар басымдылыққа ие. Өтініш беруші 500 000 теңгеден 10 000 000 теңгеге дейінгі көлемде грант ала-алады. Өтінімдер – 2014 ж. 1 қыркүйегіне дейін қабылданады.

Конкурстың толық шарты мен өтінімді көшіріп алыңыз.
Әрі қарай

Менеджмент бағасы бойынша Қазақстанның 10 ірі банкінің рейтингі жарияланды



Интернет «толқындарында» жүзіп жүріп, мына бір қызықты мәліметті кезіктірдім. Ақпарат әр қазақстандықтың өміріне тікелей қатысы бар банк секторындағы несие төлемдері мен банктердің қаржы шаруашылығы басқармасы мен әкімшілігіне жұмсайтын шығыны жайында екен. Қарап отырғанша сіздермен бөлісе кетейін деп шештім.
Әрі қарай